Республикалық референдум аясында Түркістан облыстық «Азаматтық Альянс» қауымдастығының президенті Шәріпбек Жамалбекұлы Түркістан қаласындағы №133 референдум учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
Қоғам қайраткері референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, азаматтарды белсенді болуға шақырды.
– Референдум – еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға. Сондықтан әрбір азамат мұндай жауапты кезеңде шет қалмай, өз таңдауын жасауы тиіс. Бұл – бірлігімізді көрсететін маңызды сәт, – деді ол.
Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша барлығы 947 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Өңірде жалпы 2 миллион 154 мыңнан астам тұрғын бар. Оның ішінде 1 187 257 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл облыс халқының 55,4 пайызын құрайды.
Қазіргі таңда өңірде дауыс беру процесі қалыпты жағдайда жалғасып, тұрғындар референдумға белсенді қатысуда.
