Созақ ауданында “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен “AMANAT LIDER” дебат ойыны ұйымдастырылды.
Аудандық Мыңжылқы мәдениет үйінде өткен пікірсайысқа 11 адам қатысып бақтарын сынады.
Білімділер сайысының басты мақсаты азаматтардың ораторлық қабілетін шыңдау, толеранттық тәртіппен азаматтық танымды дамыта отырып қоғамдағы маңызды мәселелер аясында азаматтардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқықтық сауаттылықты жан-жақты мониторингтік зерттеулер жүргізе отырып пікірсайыс арқылы насихаттау.
Елімізде пікірсайыс қозғалысы қоғамның барлық санатында дамуына үлес қосу.
Қоғамдық белсенділікті дамытуға үлес қосу.
Дебатқа қатысушылар арасында мектеп пән мұғалімдері, ауыл әкімшілік мамандары, Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам орталық маманы бар.
Сайыстың алғашқы кезеңінде қатысушы спикерлер “Жаңа Қазақстанды құрудағы AMANAT партиясының рөлі” тақырыбында өз ойларын ортаға салды, бірінші кезеңнің шарты бойынша әр спикерге өз ойын жеткізуге 2 минут берілді.
Берілген тақырып бойынша спикерлердің ойы талқыланғаннан кейін спикерлер бір-біріне бір ғана сұрақ қоя отырып, және модератордың қойған сауалына тұжырымдау үшін спикерге 20 секунт, ал жауап беруге 3 минут уақыт берілді спикерлер сауалға жауап бере отырып тақырыпты одан әрі ашты.
Бірінші кезеңнен үздік деп танылған 6 спикер келесі сынға өтті.
Ал, екінші кезеңде әр спикерге өз ойын тұжырымдауға 2 минут беріліп “Ауданның өзекті мәселелері және шешу жолдары” тақырыбында өз позициясы мен пікірін ортаға салып, спикерлер бір-біріне сауал қою арқылы дебаттың көркін қыздыра түсті.
Ой мен білім бақ сынасқан дебатта “AMANAT” партиясы Созақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ернар Құралбекұлы, аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Бейімбетұлы “Sozaq Uni” қоғамдық саяси және ақпараттық газетінің жауапты хатшысы Мақсат Жеңісұлы,, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлнар Есіркепқызы, аудандық тілдерді дамыты орталығы КММ-ның директоры Ролан Ізбасарұлы мүшелік еткен қазылар алқасы қатысушыларға әділ әрі нақты бағаларын қойды.
“AMANAT LIDER” Дебат ойынының қорытындысы бойынша жүлделі III орын иеленген Біржан Рысбайұлы. Жүлделі II орын иеленген Дархан Төреғалиұлы. Жүлделі I орын иеленген Жәнібек Мырзахметұлы арнайы жүлделермен марапатталып, қалыс қалған спикерлер белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
