2026 жылғы 25 қарашада өңіріміздегі ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі жұмыскерлері күніне арналған ауқымды «AGROFEST TURKISTAN 2026» мерекелік іс-шарасы өтеді.
Осы маңызды шараға ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
Өтетін орны: Түркістан қаласы, «Sauran» өндірістік паркі, «Көрме орталығы» (әуежай бағыты).
Іс-шара аясында өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің жетістіктері паш етіліп, сала үздіктері марапатталады. Қосымша сұрақтар мен сұхбат ұйымдастыру бойынша жекеме жазуларыңызға болады.
Қолдауларыңызға алдын ала алғыс білдіреміз!
