Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жеке қабылдау кестесіне сәйкес өңір тұрғындарын қабылдады. Онда бірқатар аудан, қалалардың тұрғындары облыс әкімінің орынбасарына көкейдегі сауалдарын айтып, жауап алды. Ертай Кенжебекұлы мәселесін айтып келген түркістандықтарға нақты жауап беріп, жауапты сала басшыларына тапсырма берді. Қабылдауға басқарма басшылары, өтініш айта келген тұрғындар тұратын аудан, қаланың жауапты өкілдері де қатысты.
Азаматтар мәдениет үйінің жай-күйі, мектептің жылу жүйесі, қоғам қайраткеріне көше атауын беру және музейден арнайы бұрыш ашу секілді арыз-шағымдарын жекізді. Сондай-ақ білім және мәдениет саласына қатысты өтініштері мен ұсыныстарын тыңдалды.
Қабылдауға жазылған өзге де азаматтар инфрақұрылым және тұрмыстық мәселелерді көтеріп, заң аясында нақты жауаптар ала алды. Бірқатар мәселер бойынша жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеліп, тапсырмалар бойынша хаттама толтырылды. Заңға сәйкес қаралады.
Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары жеке қабылдауды кестеге сәйкес тұрақты өткізуде. Жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨПІРГЕ ҚҰЯТЫН БЕТОНМЕН СПОРТ АРЕНАСЫН САЛЫП ЖАТЫР

Admin

Президент Жолдауын іске асыру: Түркістан облысында қуаты 72 МВт болатын су электр станцияларының каскады бар су құбыры салынады

Admin

Алматылық әйелдер Президент атынан мемлекеттік награда алды

Admin