Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

«Бәйдібек ата» су қоймасын аяқтауға 1,2 млрд теңге бөлінді

​Түркістан облысында «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысын аяқтауға 1 млрд 200 млн теңге бөлінді. Қаражат Инфрақұрылымдық даму қорынан беріледі. Нысанды жыл соңына дейін салып бітіру жоспарланған, деп хабарлайды 24KZ. Су қоймасына 68 млн текше метрге дейін су сыяды. Мұнда көктемгі тасқын су жиналып, жазда егін суаруға жұмсалады. Жиналған судың бір бөлігі «Бөген» су қоймасына жіберіледі. Жоба іске қосылған соң 9 мың 700 гектар егістікке қосымша су жеткізу көзделген. Түркістан облысында 573 мың гектар суармалы жер бар. Өңірде егістікке су жеткізу кезінде ысырапты азайту үшін каналдар жаңартылып жатыр. Сонымен қатар су үнемдеу тәсілдері енгізіліп, тіршілік нәрін көп сіңіретін дақылдардың үлесін азайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жандос Сәлімов, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі: – Жоба Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған су ресурстарын тиімді әрі үнемді пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда. Сумен қамтамасыз етуді жақсартумен қатар су ресурстарына түсетін жүктемені азайту мақсатында суды көп қажет ететін дақылдар үлесін қысқартуға басымдық беріле отырып, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары да жүргізіліп келеді.  Тегтер: #Бәйдібек ата #су қоймасы #инфрақұрылым #егістік

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/807241-bajdibek-ata-su-kojmasyn-ayaktauga-1-2-mlrd-tenge-bolindi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде 24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс​

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫСТАДЫ

Admin

Тұтынушы құқығын білу маңызды

Admin

КЕНТАУДА ЖАС ЖҰБАЙЛАР ТОЙ КҮНІ ДАУЫС БЕРДІ

Admin