Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетСаясатСпорт

Наурыз мерекесі Түркістан төрінде кең көлемде аталып өтті

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Түркістан төрінде ерекше мазмұнда өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті шаһарға арнайы келіп, жаңа жылдың бастауын осы тарихи мекенде қарсы алды.

Мемлекет басшысы сапар барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, ел-жұртпен кездесті. Сондай-ақ қоғамның дамуына үлес қосып, еңбегімен танылған бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Зиялы қауым өкілдерімен өткен кездесуде Президент мемлекетімізді дамыту, қоғамдық тұрақтылықты сақтау және ел болашағына қатысты бірқатар маңызды мәселелерге тоқталып, келелі ойларын ортаға салды. Сонымен қатар Түркістан өңіріне деген ерекше ықыласын жеткізді.

Мемлекет басшысының тікелей қолдауының арқасында өңірде әлеуметтік-экономикалық даму қарқынды жалғасуда. Өткен жылы аймақ экономикасы 14 пайызға өсіп, салық түсімі алғаш рет 1 триллион теңгеден асты. Өңірге 1,7 триллион теңге көлемінде инвестиция тартылды.

Сонымен қатар халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарылды. Елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету, табиғи газбен қамту деңгейін арттыру бойынша жүйелі шаралар жүзеге асырылып, бұл көрсеткіш 90 пайызға жуықтады. Өңірде 83 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.

Білім беру саласында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 жаңа білім беру мекемесі ашылды. Ал ауылдық жерлерде 35 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Бұл – мемлекеттік қолдау мен еңбекқор халықтың бірлігінің нақты нәтижесі.

Президент өз сөзінде Түркістанның тарихи келбетін сақтау, мәдени мұрасын қорғау және қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету – мемлекет үшін аса маңызды міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ бір жыл бұрын қалаға ерекше мәртебе берілгенін айтып, бұл бастама өңірдің дамуына жаңа серпін бергенін жеткізді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи атындағы мемлекеттік марапат тағайындалатынын айтып, ұлы ойшылдың рухани мұрасын терең зерттеудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Өңірде Президент тапсырмаларын іске асыру бағытында жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Түркістанның тарихи-рухани маңызы сақталып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету басты басымдықтардың бірі болып қала бермек.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚ ӘНІ ПАДИШАСЫНЫҢ ЕСКЕРТІШІ АШЫЛДЫ

Admin

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Admin

ТҮРКІСТАНДА «ХУБЭЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ

Admin