Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетСаясат

Түркістанда «Айтыстың алтын айдары Бекарысы» атты республикалық ақындар айтысы өтті

Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында белгілі айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің және «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері Бекарыс Шойбековтің 50 жылдық мерейтойына арналған «Айтыстың алтын айдары Бекарысы» атты республикалық ақындар айтысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Дәстүрлі өнерді ұлықтаған ауқымды шарада мерейтой иесіне ерекше құрмет көрсетіліп, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің атынан автокөлік кілті табысталды.

Айтыс аламанына еліміздің әр өңірінен келген танымал сөз жүйріктері қатысып, көрерменге тартысты әрі мазмұнды жыр додасын ұсынды. Атап айтқанда, Мақсат Ақанов, Мұхтар Ниязов, Анар Жаппарқұлова, Жансая Мусина, Еркебұлан Қайназаров, Иранғайып Күзенбаев, Мейірбек Сұлтанхан және басқа да айтыскерлер өнер көрсетіп, барлығы 14 ақын бақ сынады.

Сахна төрінде өткен тартысты дода барысында ақындар суырыпсалмалық өнердің көркем үлгісін көрсетіп, ел бірлігі, ұлттық құндылықтар, қоғамдағы өзекті мәселелер мен рухани жаңғыру тақырыптарын жырға қосты. Көрермен қауым айтыстың әсерлі сәттеріне куә болып, ұлттық өнердің шынайы қуатын сезінді.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Астана қаласынан келген Иранғайып Күзенбаев иеленді. ІІ орын Түркістан облысынан Дәурен Ақсақалов пен Батыс Қазақстан облысынан Жансая Мусинаға бұйырды. Ал ІІІ орынды Қызылорда облысынан Мұхтар Ниязов пен Мейірбек Сұлтанхан еншіледі.

Республикалық деңгейде өткен бұл рухани шара қазақтың төл өнері – айтыстың мәртебесін көтеріп, ұлттық мәдениетті насихаттауға және дәстүрлі өнерді кеңінен дәріптеуге үлкен үлес қосты.

Ұқсас жазбалар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: В АБАЙСКОМ РАЙОНЕ ПРОВЕЛИ РАБОТУ ПО УБОРКЕ СКВЕРА

Admin

БҮГІН — РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ

Admin

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНДЕ 500 ОҚУШЫ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ТАРТТЫ

Admin