Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Әлем

Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова және Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қатысады.

Модераторы – Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу.

Модераторы – Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу.

Сонымен қатар Ақорда алдағы күндердің іс-шараларына қатысты аңдатпа жариялады.

20-23 сәуір күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланады.

22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді.

БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының мақсаты – Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру, климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсерудің бірлескен шешімін іздеу. Жиынға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.

22 сәуір күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді.

Ұқсас жазбалар

Цифрлық Наурыз: робот-көкпар, дрондар және инновациялық жобалар мерекеге жаңа серпін берді

Admin

ТАУЫНЫҢ БӨКТЕРІНДЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕДІ

Admin

ТҮРКІ ӘЛЕМІ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯЛАРЫ ОДАҒЫНЫҢ VI ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Admin