Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫН ТАНЫТҚАН КӨРМЕ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» кешенінде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркем академиясының академигі Айнабек Оспановтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Түркістанды тану» атты шығармашылық көрмесі өтті. Іс-шара аясында «Түркістанды тану» атты көрме жинағының тұсауы кесілді.
Көрменің ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, мерейтой иесін құттықтады.
– Айнабек Мыңжасарұлы – қазақ бейнелеу өнерінің дамуына өзіндік үлес қосып, ұлттық өнердің өрісін кеңейтуге еңбек сіңірген бірегей суретші. Сіз өзіңіздің сан жылдық шығармашылық ізденісіңіз бен еңбегіңіздің нәтижесінде ұлттық болмысымызды, туған жердің тарихы мен рухани құндылықтарын көркем бейнелеу арқылы танытып келесіз. Әсіресе, Түркістанның бай тарихын, қасиетті мекеннің қадір-қасиетін, тарихи тұлғалар мен туған өлкенің көркем келбетін өнер тілімен бейнелеген шығармаларыңыздың орны ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, озық ойлы ұлт қалыптастыруда мәдениет пен өнердің, ұлттық руханияттың маңызы зор. Бүгінгі мерейтой аясында ұйымдастырылып отырған «Түркістанды тану» жеке шығармашылық көрмесі – суретшінің сан жылғы еңбегі мен ізденістерін көпшілікке таныстыратын, ұлттық өнерімізді дәріптейтін маңызды мәдени оқиға. Сонымен қатар бұл көрме Түркістанның тарихи-мәдени келбетін өнер арқылы танытуға және өңірдің рухани-мәдени әлеуетін кеңінен насихаттауға өз үлесін қосады деп сенеміз. Сізді мерейлі 70 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! – деді Ертай Кенжебекұлы.
Сондай-ақ іс-шара барысында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Сабырғали Балғалиевтің атынан бірқатар қонақтарға марапаттар табысталды.
Мерейтой иесін құттықтау үшін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі, белгілі суретші-кескіндемеші Жанұзақ Мүсәпір, белгілі өнертанушы, суретші-кескіндемеші, график, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Мәдениетті қолдау жылы» эмблемасының авторы, көрме каталогының авторы Жеңіс Нұрлыбаев, М. Әуезов атындағы университеттің қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик Садыбек Бейсенбаев, сондай-ақ Орталық Азия инновациялық университетінің «Ақпараттық технология және дизайн» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Егенберді Теңізбаев сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.
Көрме авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркем академиясының академигі Айнабек Оспанов қорытынды сөз сөйлеп, көрменің ұйымдастырылуына атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.
Іс-шара соңында қонақтар көрмені тамашалап, естелік фотосуретке түсті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Admin

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, КОММУНАЛДЫҚ САЛАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Admin

«Əділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды

Admin