Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ҚоғамСаясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ НҰРАЛЫ ӘБІШОВ ДАУЫС БЕРДІ

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Ол Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орналасқан 133 референдум учаскесінде дауыс берді.

Облыстық мәслихат төрағасы референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Бұл жай ғана дауыс беру емес – бұл біздің ортақ болашағымызға, балаларымыздың ертеңіне деген жауапкершілік. Референдум мемлекетіміздің даму бағытын айқындайды. Учаскедегі сайлаушылардың көптігінен халықтың болашаққа деген сенімін байқауға болады. Ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытып жатқан барша тұрғындарға алғыс білдіремін, – деді Нұралы Әбішов.

Айта кетейік, Түркістан облысында 15 наурыз күні таңғы сағат 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Өңірде 1 187 257 азаматтың дауыс беру құқығы бар.

Қазіргі уақытта облыс тұрғындары республикалық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЫНА 360 БАЛАНЫ САУЫҚТЫРАТЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Admin

Мәртебелі құндылықтар

Admin

ТҮРКІСТАН: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫСЫ ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

Admin