Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ҚоғамСаясат

«ДАУЫС» БАЙҚАУШЫЛАР КОАЛИЦИЯСЫ ӨҢІРДЕГІ 922 УЧАСКЕНІ ҚАМТЫП ОТЫР

Түркістан облысы бойынша «Дауыс» байқаушылар коалициясының жетекшісі Бақытжан Әшірбаев өңірдегі референдум учаскелерінде жүргізіліп жатқан бақылау жұмыстары туралы мәлімдеді.

Оның айтуынша, коалицияның барлық бақылаушылары референдум өтетін күні таңғы 05:45-тен бастап дауыс беру учаскелеріне келіп, дайындық жұмыстарын жүргізген.

Біздің барлық бақылаушылар арнайы оқудан өтіп, тиісті нұсқаулықтармен таныстырылды. Қазіргі уақытта коалиция өкілдері өңірдегі сайлау учаскелерінде бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді Бақытжан Әшірбаев.

Айта кетейік, «Дауыс» байқаушылар коалициясының бақылаушылары Түркістан облысындағы 922 референдум учаскесін қамтып отыр. Бұл референдумның ашық әрі заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта облыс аумағында дауыс беру процесі штаттық режимде өтіп, байқаушылар референдум барысын тұрақты түрде қадағалауда.

Ұқсас жазбалар

ORDABASY: ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ БАСТАМАШЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

Admin

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Admin

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ДИҚАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Admin