Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Түркістан қаласында округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне оқыту семинарлары жалғасуда

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу мақсатында Түркістан қалалық АСК-ның ұйымдастурымен Түркістан қаласындағы №17 округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылды.
Семинарлардың негізгі мақсаты – комиссия мүшелерінің сайлау заңнамасы бойынша білімін жетілдіру, сайлау процесін ұйымдастыру тәртібін түсіндіру және сайлау науқанын заң талаптарына сәйкес өткізуге қажетті кәсіби дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту барысында сайлау заңнамасының негізгі талаптары, комиссиялардың міндеттері мен өкілеттіктері, дауыс беру процесін ұйымдастыру, сайлау құжаттарын рәсімдеу және дауыстарды санау тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мұндай оқыту іс-шаралары сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыруға, сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұқсас жазбалар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Admin

Исполнение поручений Президента по росту благосостояния граждан: Правительство обеспечит контроль за мерами по снижению инфляции

Admin

ШЫМКЕНТ: ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТУДА

Admin