Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

ШЫМКЕНТ: ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТУДА

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында елімізде қойма және көлік инфрақұрылымын дамытуды тапсырған болатын. Осыған орай Шымкент қаласында 92 гектар жерге сауда-логистикалық аймағы құрылды. Мұнда қазір екі компания қызмет көрсетуде. Одан бөлек, 3 логистикалық жобаның құрылысы жүргізіліп отыр.
Сонымен қатар, қалада биыл 11 ай көлемінде ауылшаруашылығы саласында жалпы құны 7,6 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Қазіргі таңда 5,3 млрд теңгеге 10 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 34 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға артты.
Ал, салаға бағытталған инвестиция көлемі 7,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есеге өскенін көрсетеді.
Тақырыпқа қатысты қосымша сұрақтар бойынша: 8(7252) 24-75-40

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКА ШЫҒАРЫЛАДЫ

Admin

Құрылтай депутаты Айдос Сарым қоғамдық және жеке психологиядағы «виктимизация» феноменіне тоқталды

Admin

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Admin