2026 жылғы 15 қазан күні Бәйдібек ауданық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша семинар өткізілді. Семинарға ауандағы облыстық және ауандық округтік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшылары қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасы бойынша білімін жетілдіру, сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін түсіндіру, сондай-ақ сайлау науқанын заң талаптарына сәйкес өткізуге бағытталған іс-шараларды үйлестіру.
Семинар барысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.Қырықбаев хабарлама жасап, Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының негізгі талаптары, мәслихат депутаттарын сайлау тәртібі, сайлау округтерін ұйымдастыру, кандидаттарды ұсыну және тіркеу, кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу, сайлау алдындағы үгітті жүргізу мәселелері және округтік сайлау комиссияларының міндеттері мен өкілеттіктері, құқықтары түсіндірілді.
Аудандық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Ә.Сейдахметов, хатшысы Р.Жанғазиева сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, сайлау процесінде заң бұзушылықтарға жол бермеу, құжаттарды белгіленген тәртіппен рәсімдеу және сайлау науқанының барлық кезеңдерінде заңдылықты қамтамасыз ету бойынша ситуациялық кейстер ұсынып, семинар қатысушыларының тәжірибелік дағдылары пысықталды.
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, сайлауды ұйымдастыру және өткізу барысында туындауы мүмкін мәселелер бойынша пікір алмасу өткізілді.
Семинар нәтижесінде қатысушылардың мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу тәртібі бойынша ақпараттандырылу деңгейін арттыруға, сайлау заңнамасының талаптарын дұрыс қолдануға және алдағы сайлау науқанын сапалы әрі заң талаптарына сәйкес өткізуге бағытталған міндеттер айқындалды.
