Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ БАР

Төлеби ауданында бір мезетте 150 бас ірі малды бордақылауға қауқарлы алаң мен мал сою бекеті ашылмақ. Ол төлебилік жеке кәсіпкер Аманжол Шадыровтың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Алдағы уақытта 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Алаң аумағы — 2,5 гектар, ал жоба құны — 250 млн теңге.
Осы орайда аудан әкімі Төлеген Телғараев кәсіп иесімен арнайы кездесіп, кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды. Сонымен қатар, алдағы уақытта шағын және орта бизнестің бәсекелестікке қабілеттілігін қалыптастыру және кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Айта кетейік, бүгінде ауданда 682 мал бордақылау алаңы бар.

Ұқсас жазбалар

БИЫЛ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ ЕЛ — БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 27 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: Д.САТЫБАЛДЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫН НАҚТЫЛАДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ

Admin