Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚТАР ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Өргебас және Фирдоуси ауылдарының тұрғындары үшін «Астана Моторс» компаниясы жалпы құны 50,5 млн теңгеге жаңа жиһаздың 426 жиынтығын сыйға тартты. Жатын бөлмелердің алғашқы топтамасы жаңа қоныстанушыларға жеткізілді.

«Астана Моторс» тұрақты түрде әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді. Компания тарапынан төтенше жағдай кезінде Арыс қаласының тұрғындарына 20 млн теңге және гуманитарлық көмек жіберілді. Мақтаарал ауданының тұрғындарын жиһазбен қамтамасыз ету жобасы «Түркістан» ӘКК» АҚ жанындағы «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры арқылы жүзеге асырылды.

Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарынан 895 отбасы зардап шеккен болатын. Бүгінде баспаналар бұзылып, қайта салынуда. Инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елдімекендерінің тұрғындары үшін Мырзакент ауылында жаңа ықшамаудан бой көтерді. Ауданда 9 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр.

 

Ұқсас жазбалар

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЕННАЯ ДНЮ ДУХОВНОГО СОГЛАСИЯ

Admin

ЖАСТАРМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Admin

ТҮРКІСТАН: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН 218 ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Admin