Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

КЕЛЕСТЕ МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛДЫ

Биыл Келес ауданында «Марокко» үйірлі шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүргізілетін болады. Осы бағыттағы жұмыстарға 50-ге жуық азаматтар жұмылдырылып, екі дана ұшақ тартылады. Ал облыстық штаб мүшелері Бозай ауылдық округінде орналасады. Бұл туралы Келес ауданында өткен жиналыста талқыланды.
Қазіргі таңда аса қауіпті морокко шегірткесінің алғашқы дернәсілдері Келес ауданы бойынша жер бетіне шыққан жоқ. Дегенмен, инспекция мамандары мен уақытша анықтаушылардың көмегімен 193 360 гектар аумақ зерттелді. Нәтижесінде, химиялық өңдеуге жататын жер көлемі 62 850 гектарды құрады. Алғашқы химиялық өңдеу жұмыстары биылғы жылдың сәуір айында басталуы жоспарланып отыр.
Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев жылда орын алатын «Марокко» үйірлі шегірткесіне қарсы күрес жұмыстарына бей-жай қарамай, тиісті әкімшілік бөліністер бойынша алдын алу шараларын ширатуды тапсырды. Қауіп төндіретін аймақтарды қатаң бақылауға алып, тартылатын жұмысшылар бойынша нақтылау шараларын жүргізуді жүктеді.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІ 65% ЖЕТТІ

Admin

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ ШАРУАЛАР АРЗАН БАҒАДАҒЫ СУАРМАЛЫ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Admin

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ ЕЛ АРАЛАП, МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРІП ЖҮР

Admin