Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында алғаш рет үшем дүниеге келді. Үшемдер туылғанынан 4 күннен кейін №2 облыстық перинаталдық орталығына аударылған. Бәйдібек ауданының тұрғыны 3 ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Алихан, Асылхан есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 1290 гр, 1230 гр және 1115 гр болды.
Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлері ана мен балаларына көмек көрсетіп, тиісті шараларды қабылдады. Балалардың жағдайы тұрақты.
Батыр ана бұған дейін 2 перзентті дүниеге әкелген. Енді көпбалалы отбасына айналып отыр. Перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлері анасы мен нәрестелерге мықты денсаулық тілеп, үйіне шығарып салды.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NEAR ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ АТАНДЫ

Admin

Осы жазда қазақстандық шоу бизнес жұлдыздары қайда демалды?