Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

ЕРЛАН ҚАРИН ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ КӨПТОМДЫҒЫН ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан тарихының көптомдық академиялық жинағын әзірлеуге қатысты кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекеттік кеңесшіге бұған дейін белгілі тарихшы ғалымдармен кездесуде айтылған кемшіліктерді түзету және атқарылған басқа да жұмыстар жайында баяндалды.
Көптомдыққа қажетті материалдардың барлығы жинақталып, ол бірнеше сатыдан тұратын сараптамадан өтіп, параграфтарға бөлініп, ғалымдар ел тарихын жазып шыққан.
Бүгінде кей томдар толықтырылып, кейбірі біріздендіріліп жатыр.
Мемлекеттік кеңесші Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарын тыңғылықты жүргізу қажет екенін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жазбалар

Референдум нәтижелері Қазақстан халқының өз елінің конституциялық болашағын қалыптастыруға белсенді қатысып отырғанын көрсетеді – ИЫҰ бақылаушылары

Admin

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Admin

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Admin