Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ЦИТАДЕЛЬ ҚАҚПАСЫ

Қасиетті Түркістан қалсы тарихи – сәулеттік ескерткіштерге бай. Ғасырдан – ғасырға құндылығын жоғалтпай келе жатқанбұл мұраларды көруге өзіміздің еліміз бен шет елден қонақтар келіп, сәулет өнерінің кереметтілігін тамашалап кетеді. Бүгінде бұл мұраларды сақтауда мемлекет тарапынан көптеген шаралар қолға алынуда. Мәдени мұралар сол қалпында, әлі көптеген ғасырлар бойы тамсандырары сөзсіз.

Цитадель қақпасы, ХVІ-ХІХғғ. республикалық мәртебеге ие ескерткіш. Координаттары: 43˚17.912΄, 068˚16.376΄. Теңіз деңгейінен биіктігі 216м. 1980 жылдары қайта қалпына келтірілген. Қақпа қала қорғанының шығыс бетінде 1979-1984жж. археологиялық зерттеулер нәтижесіне сүйеніп, кейінгі ортағасырлық құрылыс мәнерінде салынған. Екі жағында мұнарасы бар. Мұнараға айналма басқыштар арқылы шығады. Сол арқылы қорған дуалымен жағалай жүруге болады. Қорған дуалы тәрізді қақпаның да жоғары бөлігінде оқ атқыш көздер мен жеті тіс қарастырылған. Қақпаның өзі екі жақтаулы ағаш есіктен тұрады. 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №590.5 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған.

Ұқсас жазбалар

Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасы зор

Admin

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚЫСТА ДА ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРІЛІП ЖАТЫР

Admin

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЕННАЯ ДНЮ ДУХОВНОГО СОГЛАСИЯ

Admin