Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

Түркістан: XІX-XX ғғ. қала және сәулет құрылыс ескерткіштері

Бұл тақырыбымыз Түркістан қаласындағы xІx-xx ғғ. қала және сәулет құрылыс ескерткіштері туралы болмақ.

Есім хан кесенесі, XVII ғ.

Республикалық маңызды ескерткіш. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік — батыс мұнарасынан 12 метр қашықтықта орналасқан. Ортағасырлық сәулеттік ескерткіш жартылай қалпына келтірілген.  Кесененің биіктігі 3,2 метр, ені 8,9 метр. Алғаш рет 1958 жылы зерттеу жұмыстары жүргізіледі. 1980 жылдары жартылай қалпына  келтірілген.

Шығыс моншасы, XV ғ.

Республикалық маңызы ескерткіш. Кесененің оңтүстік-батыс бетінен 80 метр қашықтықта жартылай жер астына орналасқан.  Археологтардың  зерттеуі бойынша монша 1580-1590жж. Абдулла хан тұсында кесенеге зиярат етіп келуші көпшілік қауымға арналып салынған. Моншаның жалпы көлемі 17х15 метр, биіктігі 4,8 метр, кірпіштерінің көлемі түгел біркелкі -25х25х5 см. 1975 жылға дейін жергілікті  халық  монша ретінде пайдаланып келген. Монша жартылай жерасты, бес күмбезді, қабырғалары күйген кірпіштен тұрғызылған. Әр түрлі кезеңде, әр түрлі мақсатта пайдаланылған тоғыз бөлмеден тұрады: жуыну бөлмесі, ыстық, салқын су бөлмелері, массаж т.б. бөлмелер. 1979 жылы орта ғасырлық сәулет өнерінің керемет үлгісін болашаққа сақтау мақсатында мұражайға айналдырылды.

Ұқсас жазбалар

Арыстық жастар халықаралық әскери-патриоттық сайыста жүлдегер атанды

Admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «БҰЛ – КЕМШІЛІКТІ КЕШІРМЕЙТІН САЛА»

Admin

БӘЙДІБЕКТІК ҰСТАЗ ҚОЛДАН БҰЙЫМ ЖАСАУ КӘСІБІН МЕҢГЕРІП, ҚОСЫМША ТАБЫС ТАУЫП ОТЫР

Admin