Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ҮЛКЕН АҚСАРАЙДА ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӘСКЕРИ КЕЛІССӨЗДЕР ӨТКІЗІЛІП ОТЫРҒАН

Жалпы, Хан десе, көз алдыңызға тақ келері анық. Кесене ішінде Үлкен Ақсарай және кіші Ақсарай бөлмелері бар. Үлкен Ақсарай – Қазандықпен, Кіші Ақсараймен дәліздер арқылы жалғасады. Дәлізде екінші қабатқа шығатын баспалдақ бар. Ақсарай кейіннен ХV-ХVІ ғасырларда Қазақстан Мен Орта Азия сәулет өнерінде алғаш рет пайдаланған арқалардың қилысуы конструкциясы қолданылған, сондықтан бөлме құрылысы өз заманындағы аса бағалы сәулет ескрткіші болып табылады. Бастапқы кезде дәуріштер мұсылман қауымы жиналатын орын болған. Ал ХVІ ғасырдың аяғында ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде дейін Түркістанда қазақ хандарының ордасы орналасқан кезде хан сарайының (ордасының) міндетін атқарған кезінде мұнда дипломатиялық әскери келіссөздер өткізіліп отырған. Бұл бөлмеде аса маңызды тарихи оқиға орын алған. Мұндағы маңызды жайттың бірі – Қазыбек бидің құлпытасының орнатылуы.

Аталған бөлмеде әлі күнге дейін хан билігінің символындай болып, асатаяқ пен тақ орны сақталған. Тақ орнын тамашалай отырып, бұрынғы қазақ хандарының мысын сезгендей боласыз. Осы тақта отырып, қоластындағыларға ел мен жер тағдырын шешетін бұйрықтар бергенін елестетесіз. Аталған жәдігер шетелдік туристердің қызығушылығын оятқан. Кесене гидтерінің айтуынша, олар тақ жөнінде көп мәлімет сұратады екен. Туристер үшін тақ – экзотикалық жәдігер болып есептеледі. Тіпті, кей туристер мұхит асып, осы тақты көру үшін келеді екен. Тақ олар үшін – Орта Азия елдерінің символы іспеттес.  Осыны ескерген музей әкімшілігі Үлкен ақсарай бөлмесін назарда ұстап, ондағы заттардың бүлінуіне жол бермейді.

Ұқсас жазбалар

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 20 ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Admin

Шардарада алдын — алу ағарту жұмысының І ауысымы өтуде

Admin