Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
СаясатСпорт

ШАРДАРАДА АРМРЕСТЛИНГТЕН 12 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ НҰРДӘУЛЕТ АЙДАРХАН РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Шардара ауданында өтіп жатқан республикалық референдумға белгілі спортшы, армрестлингтен 12 дүркін әлем чемпионы, «Шардара Армспорт» спорт клубының мүшесі Нұрдәулет Айдархан қатысып, өз таңдауын жасады.

Спортшы Шардара ауданындағы 849 референдум учаскесіне арнайы келіп, азаматтық борышын орындап, ел болашағы үшін маңызды саяси науқанда дауыс берді. Оның айтуынша, мемлекет дамуы мен қоғамның келешегіне қатысты маңызды шешімдер қабылданатын мұндай науқандарға әрбір азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Референдумға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігінің көрінісі. Әрбір дауыс маңызды, себебі ол мемлекет дамуына әсер ететін ортақ шешімнің бір бөлігі. Сондықтан мұндай маңызды кезеңде халықтың белсенділігі өте маңызды, – деді Нұрдәулет Айдархан.

Айта кетейік, Нұрдәулет Айдархан – халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген танымал спортшылардың бірі. Оның референдумға қатысуы жастарға үлгі болып, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің артуына ықпал етуде.

Жалпы, Шардара ауданы бойынша 33 референдум учаскесі құрылған. Ауданда 42 978 азамат дауыс беру құқығына ие. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында барлық учаскелер бірінші қабатта орналасып, пандустармен толық қамтамасыз етілген.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПАРАКАНОЭДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Admin

ТУРКЕСТАН: ОКОЛО 500 ЖИТЕЛЕЙ КЕНТАУ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ АКЦИИ

Admin

«Таза Қазақстан»: Сарыағаш ауданында ауқымды экологиялық акция өтті

Admin