Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Спорт

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде еліміздің грек-рим күресінің балуандары 1 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды. Ұлттық құрама сапында жерлесіміз Әлімхан Сыздықов аса ауыр салмақта күміс жүлдегер атанды.
Ә.Сыздықов Ирак, Өзбекстан балуандарын жеңіп, финалға шыққан еді. Шешуші сәтте Иран елінің өкіліне ұпай санымен есе жіберді. Осылайша шымкенттік балуан Азия чемпионатында кезекті рет күміс жүлдені еншіледі. Бұған дейін грек-рим күресінің балуаны алтын, күміс жүлделерді ел қоржынына салған еді.
Сондай-ақ, бүгін жарыстың екінші күнінде Шымкент қаласының спортшылары – Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Әділхан Сатаев (72 келі), Омар Сатоев (82 келі) және Ильяс Гучигов (97 келі) бозкілемге шығады. Балуандарымызға сәттілік тілейміз.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

БОКСТАН ЕЛ ҚҰРАМАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА БАСКЕТБОЛ, ВОЛЕЙБОЛ, БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ МЕН «STREET WORKOUT» АШЫЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТТІ

Admin