Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

«ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ – ОТАНШЫЛДЫҚ КЕПІЛІ» АТТЫ АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінде Спорт және өнер факультеті «Дене мәдениеті» кафедрасының магистр-оқытушысы Нұржігіт Есентаев факультет студенттері мен магистранттарына «Патриоттық тәрбие – отаншылдық кепілі» тақырыбында дәріс өткізді.
Ашық дәрісте Нұржігіт Бейсенбайұлы, жастар өміріндегі патриоттық тәрбие мәселесінің маңыздылығына тоқталды. Бүгінгі Қазақстан жағдайындағы ұлттық патриотизмнің басты көрінісі — қазақтың ана тілінде сөйлеп, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруінен басталуы керектігін жеткізді. Әрбір қазақпын деген жалынды жастың өз ұлтына мінсіз қызмет етуі сананың жастайынан қалыптасуынан бастау алады. Сондай-ақ патриоттық тәрбие беруде, мектеп пен ата-ана арасындағы негізгі сабақтастықтың рөлі ерекше екендігін атап өтті.
Дәріс соңында, жас ұрпақтың бейбіт өмірі мен алаңсыз күндері үшін кеудесін оққа тосқан Ұлы Отан Соғысы және Ауған Соғысы әрдагерлерімен, желтоқсаншы батырлармен кездесу өткізу жастардың бойындағы патриоттық тәрбиенің мықты қалануына көп септігін тигізетіндігін, және де патриоттық сезімді қалыптастыру үшін әр маман өз саласында аянбай еңбектенуінің маңызды екендігі бесенеден белгілі.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ БІР ЕЛДІ МЕКЕНІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ЖҮРЕК» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

Admin