Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ӘлеуметМәдениетСаясат

«ОТБАСЫМЫЗБЕН ДАУЫС БЕРЕМІЗ!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«Отбасымызбен дауыс береміз!» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындар отбасымен бірге келіп өз таңдауларын жасауда. Аталған бастама азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, жас ұрпаққа ел болашағына жауапкершілікпен қараудың маңызын насихаттауға бағытталған.

Акция аясында Жетісай ауданындағы №224 дауыс беру учаскесіне аудан тұрғыны Халым Тұрсынов отбасы мүшелерімен бірге келіп, азаматтық таңдауын жасады. Оның айтуынша, мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын кезеңде әрбір отбасының қатысуы үлкен маңызға ие.

Ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге өз үлесімізді қосу – әр азамат үшін үлкен жауапкершілік. Осындай сәттерде отбасымызбен бірге келіп дауыс беру арқылы мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосамыз. Балаларымыз да мұндай маңызды шараларды көріп, елге деген жауапкершілікті сезініп өссе дейміз, – деді ол.

Айта кетейік, Жетісай ауданында республикалық референдум өткізу үшін 72 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Ауданда 102 510 азамат дауыс беру құқығына ие.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДА «ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ – АНА» МЕРЕКЕЛІК ІСШАРАСЫНДА АРДАҚТЫ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Admin

РЕФЕРЕНДУМ: В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ НА ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ УЧАСТКАХ ОРГАНИЗОВАНЫ ФОТОЗОНЫ

Admin

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮЛКІБАСТЫҚТАР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ

Admin