Бәйдібек ауданында өтіп жатқан республикалық референдум барысында тұрғындардың көңілін көтерген ерекше көрініс орын алды. Аудан аумағындағы дауыс беру учаскелерінің біріне «Кунг-фу Панда» кейіпкерінің костюмін киген азамат келіп, өз таңдауын жасады.
Ерекше кейіпкердің дауыс беру учаскесіне келуі тұрғындардың қызығушылығын арттырып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар бұл бастама референдумның маңызын халыққа ерекше әрі креативті форматта жеткізудің бір үлгісі болды. Учаскеге келген азаматтар кейіпкермен естелік суретке түсіп, маңызды саяси науқанға белсенді қатысып жатқандарын жеткізді.
Аталған бастама қоғамда азаматтық белсенділікті арттырып, тұрғындарды референдумға қатысуға шақыруға бағытталған. Мұндай ерекше тәсілдер әсіресе жастардың назарын аударып, олардың елдегі маңызды саяси үдерістерге қызығушылығын арттыруға ықпал етуде.
Жалпы, Бәйдібек ауданында референдум учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тұрғындар маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда. Референдум барысы ұйымдасқан түрде өтіп, дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес жүргізілуде.
