Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

Қостанай облысы түркістандықтарды әскери қызметке шақырады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, подполковник Серік Төлеуханов мәлімдеді, деп хабарлайды elordafocus.kz.
Спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті Түркістан облысы аумағынан 18-32 жас аралығындағы әскери билеті бар ер азаматтарды келісімшарт негізінде әскери қызметке қабылдайды. Бұл ретте, Қостанай облысының шекара қызметінде 300-ден астам бос орын бар. Олардың ең төменгі жалақысы 250 мыңнан басталады.
«Біз азаматтарды әскери қызметке қабылдау барысында офицерлер, сержанттар мен сарбаздар құрамы лауазымдарына көңіл бөліп отырмыз. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Түрік Республикасы әскери оқу орындарына жоғары білім алу үшін және жоғары білімі барлар қатарынан 6 айлық қайта даярлау курстарын оқығаннан кейін офицерлік лауазым алу үшін үміткерлерді іріктеу жұмыстарын іске асырып жатырмыз. Жоғары оқу орындарына түсетін азаматтар орта немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, әскери қызмет өткермеген 17 мен 21 жас аралығындағы азаматтар болуы керек. Оқуға 24 жасқа толмаған, әскери қызмет не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген азаматтар және шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер және 25 жасқа толмаған, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлер қабылданады. Шекара қызметінің қатарына қабылданған азаматтар тұрақты жалақымен, тұрғын үймен, пәтерақымен, медициналық тексерулермен, тегін қысқы, жазғы киімдермен қамтылады. Сондай-ақ, әр отбасы мүшесіне тұрғын үй төлемдері, жауынгерлік қызметте тегін тамаққа үстемеақымен қамтамасыз етіледі. Азаматтардың құжаттарын қабылдау уақытының шектеуі жоқ. Әскери қызметке құлшынысы зор азаматтарды Қостанай облысына жұмыс істеуге шақырамыз» деді Серік Қабдылғазыұлы.
Әскери қызметке кандидаттар қажетті құжаттармен, медициналық куәландырудан, дене шынықтыру дайындығы деңгейі, кәсіби жарамдылығы және әскери есептік мамандығының сәйкес келуі тексеріледі, психологиялық жарамдылығы бойынша қабылданады. Өзге де сауалдар бойынша +7 707 135 65 30 немесе +7 714 252 04 04, 87770205811 нөміріне хабарласуға болады.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 ТІЛ БІЛЕТІН ЖАС ПОЛИГЛОТ ТҰРАДЫ

Admin

ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫН ҚЫРҒАУЫЛДЫ ҚОЛДА ӨСІРІП КӘСІП ЕТКЕН

Admin