Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

КЕЛЕСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Келес ауданында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесіне арналған автошеру өткізілді. Шараның мақсаты – Мемлекеттік Рәміздерімізді жергілікті тұрғындар, жастар мен жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау.
Шеру аудан орталығындағы Д.Қонаев көшесінің басынан бастау алып, аудандық мәдениет үйінің қорытындыланды. Шеру аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев өңір тұрғындарын қастерлі мерекемен құттықтады.
— Қазақстанның тәуелсіз Мемлекеттік рәміздерінің тарихы еліміздің егемендігін алған сәттен басталады. Кешегі өткен Ташкент қаласындағы бокстан әлем біріншілігінде жерлестеріміз алтыннан алқа тағып, Мемлекеттік Гимнімізді шырқатты. Ұйымдастырушылардың регламентіне сәйкес Гимн бірінші бөлігінен тоқтатылғанына қарамай елімізден барған жанкүйерлер Гимнімізді соңына дейін шырқап, барша қазақ елінің рухын асқақтатып тастады. Осының бәрі – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін, — деді аудан әкімі өз құттықтауында.
Айта кетейік, мереке қарсаңында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан тұрғындарын құттықтады: «Қадірменді келестіктер!

Сіздерді 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын!
Қазақстанның тәуелсіз Мемлекеттік рәміздерінің тарихы еліміздің егемендігін алған сәттен басталады. Елтаңбамыз, Туымыз, Гимніміз қазақ елінің барша болмысын, бүгіні мен ертеңін бойына сіңіріп, жүрегімізді мақтанышқа толтырады. Кешегі өткен Ташкент қаласындағы бокстан әлем біріншілігінде жерлестеріміз алтыннан алқа тағып, Әнұранымызды шырқатты. Ұйымдастырушылардың регламентіне сәйкес Әнұранымыз бірінші бөлігінен тоқтатылғанына қарамай елімізден барған жанкүйерлер соңына дейін шырқап, барша қазақ елінің рухын асқақтатып тастады. Осының бәрі – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Оның ерекшелігі сол – Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңсесі биік азаматтары қалыптасады.
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!», делінген құттықтауда.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Admin

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫҢ БИІК ӨЛШЕМІ

Admin

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕГІ КӘСІПОРЫНДА ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

Admin