Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»: АРЫСТА «КҮНІНЕ 20 МИНУТ КІТАП ОҚЫ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Арыста Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» бастамасы аясында оқырмандарды кітап оқуға баулитын ерекше жоба қолға алынды.
Арыс қалалық Абай атындағы Орталық кітапхана ұйымдастырған «Күніне 20 минут кітап оқы» жобасының мақсаты – тұрғындар мен жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, күнделікті оқу мәдениетін қалыптастыру.
Жоба аясында кітапханаға келген оқырмандар мен мектеп оқушылары күн сайын 20 минут уақытын кітап оқуға арнайды. Бұл – көп уақытты қажет етпейтін, алайда адамның ой-өрісін кеңейтіп, танымын арттыруға ықпал ететін пайдалы әдет.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыру арқылы қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруға болады. Өйткені кітапқа бөлінген әрбір минут – білім мен рухани дамуға жасалған қадам дейді олар.

Ұқсас жазбалар

ГЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ІРІ ТҰЛҒАСЫ

Admin

Қоршаған ортаны ластағаны үшін 10 АЕК (43 250) қайталанса 20 АЕК (86 500) айыппұл қарастырылған

Admin

Казахстан становится экономикой не только нефти: зарубежные аналитики отметили рост инвестиций и промышленности

Admin