Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ГЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ІРІ ТҰЛҒАСЫ

Шаһмардан Есенұлы — қазақ кеңес геологы, пайдалы қазбалар саласының маманы, қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымының докторы, профессор Қаз. КСР ҒА-ның академигі (1967). 1927 жылы тамыздың 5-інде Қызылорда облысының Шиелі ауданы Тартоғай ауылында дүниеге келеді.

Ш.Есенұлы 100-ден аса ғылыми еңбек жазды. Республика геология ғылымын, оның маңызды саласының бірі металлогенияны дамытуға үлес қосуда. Геология-металлогения және пайдалы қазбаларды іздеу мен барлаудың әдістері жөніндегі жазылған еңбектері мен проблемаларға арналған. Ол 1965 жылы жарық көрген Қазақстанның кеңейтілген масштабты геология картасын жасауға қатысты.

Ш.Есенов КСРО-ның Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі мемлекет комитетінің мүшесі (1967 жылдан), БҰҰ-ның Қиыр Шығыс Елдері Комиссиясының 1962 жылы Тайландта өткен сессиясында кеңес делегациясын басқарды. Халықаралық Геологиялық конгреске (Үндістан), Пагуош конференциясына (Швеция 1968), Үндістан ғалымдарының конгресіне (1971) қатысты.

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ 49 ОТБАСЫ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫН ИЕЛЕНДІ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ ТҰҢҒЫШ РЕСТОРАНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 6 КӨПІРГЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Admin