Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА «МЕНІҢ РЕСПУБЛИКАМ — МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

25 қазан — Республика күніне орай Ордабасы ауданының орталық алаңында «Менің Республикам — менің Қазақстаным!» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған elordafocus.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған шараға аудан әкімі Нұрбек Бадырақов қатысып, оқушылардың сурет көрмесімен танысты. Сондай-ақ айтулы мерекемен аудан тұрғындарын құттықтады.
— «Республика күні — Қазақ елі 13 жылдан соң қайта қауышқан ұлық мереке. Тәуелсіздігіміздің алғашқы қадамы саналатын Декларация қабылданған күн – әрбір отандасымыз үшін қасиетті де қастерлі. «Ордабасы – қазақ рухының қағбасы» деп Әбіш Кекілбайұлы айтқандай, киелі өңірдің мәртебесі өсе берсін! Ұлттық мереке құтты болсын!, — деді аудан әкімі.
Мерекелік шарада мектепте үздік оқыған оқушылар «Жас ұлан» қатарына қабылданып, аудандық мектеп мұғалімдері мен оқушылар мерекелік шеру өткізді. Шара соңы мерекелік сазды концертке ұласты.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП 2 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ

Admin

ОБЛЫСТЫҚ МУЗЕЙДЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР НАСИХАТТАЛДЫ

Admin

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Admin