Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

Ұлттық құндылық немесе Рух жебеушісі

Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеткен ел үшін мемлекеттік рәміздердің орны бөлек. Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Ән-ұраны – Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы айбынымызды асырған мемлекеттік рәміздерді бойтұмардай қастерлеп ерекше қадірлеуі тиіс. Өйткені, мемлекеттік рәміздеріміз тәуелсіз еліміздің дербестігін әлемге танытып қана қоймай, өткені мен бүгінін жалғастырады, болашағымен сабақтастырады.

2007 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң қабылданды. Содан бастап жыл сайын осы күні Мемлекеттік рәміздер күні мерекесін атап өтеміз.

Ел Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы Қаулысымен Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны, Әнұранды пайдалану тәртібі бекітілген. 2019 жылдың 28 маусымында осы құжатқа өзгеріс енгізіліп, жеке және заңды тұлғаларға патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің және оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында ғимараттарда, соның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда Туды ілуге рұқсат берілді.

Мемлекеттік Тудың да, Елтаңбаның да стандарттары бекітілген. 2018 жылы Елтаңбаның жаңа стандарты туралы заңнама күшіне енді. Осы стандарттарды қатаң сақтау қажет. 2018 жылдың 12 шілдесінде Қылмыстық Кодекстің 372-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес Мемлекеттік рәміздерді қорлағандар жауапкершілікке тартылады. Тәртіп бұзғандарға екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. Немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына және алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

Халықтың рухы мен елдің егемендігін ғана емес, сол мемлекеттің өркениет көшінен алар орны мен деңгейін де көрсететін рәміздерді құрметтеу баршамыздың қасиетті борышымыз. Идеологиялық мекемелердің міндеті –  жас ұрпақтың  Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастырып, санасына сіңіру. Ал, бұл қос тараптан да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Ендеше, Көк Туымыз желбіреп, Елтаңбамыз жарқырап, Әнұранымыз шарықтай бергей!

 

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ АҚҚОЙЛЫ АУЫЛЫНДА ЖАҢА ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Admin

ОТЫРАРДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Admin

В ЧЕСТЬ ДНЯ РЕСПУБЛИКИ В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛО ПРАЗДНИЧНОЕ МЕРОПРИЯТИЕ «ЖАСА, ЖАЙНА КАЗАХСТАН!»

Admin