Отпен абайсыз пайдаланудың салдарынан орман өрті туындауы мүмкін және ол аздаған уақытта жүздеген гектар орманды жоюы мүмкін.
Демалыс кезінде орман мен табиғатқа жауапкершілікпен қарауды ұмытпаңыз.
Еске саламыз! Ормандарда қатаң түрде тыйым салынады:
— от жағуға;
— жанған сіріңкелерді, темекі қалдықтарын тастауға, рұқсат етілмеген жерлерде ашық отты қолдануға және темекі шегуге;
— арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерде мангалдар мен ошақтар орнатуға;
— шыны қалдықтарын, шыны ыдыстарды және жанғыш заттарды қалдыруға.
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабының 3-бөлігіне сәйкес, ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық нормаларды бұзу жеке тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Орман өртінің алдын алу – әрбір Қазақстан азаматының міндеті!
