Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарМәдениетСпорт

ӘР АЗАМАТТЫҢ ТАҢДАУЫ – РЕФЕРЕНДУМДАҒЫ МАҢЫЗДЫ СӘТ

Отырар ауданында республикалық референдум аясында тұрғындар белсенді түрде дауыс беріп, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде. Маңызды саяси науқанға түрлі сала өкілдері қатысып, ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасауда.

Солардың бірі – Отырар ауданына қарасты Арыс ауылының тұрғыны, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жолдасбек Бектұрсынов. Танымал спортшы №505 референдум учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады.

Белгілі балуанның дауыс беруі спортшылардың қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымын айқындай түсіп, әсіресе жастарға үлгі болды. Референдум учаскесінің қызметкерлері спортшыны жылы қарсы алып, оның ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысуын ерекше атап өтті.

Жолдасбек Бектұрсыновтың айтуынша, мұндай маңызды кезеңдерде әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, ел тағдырына бейжай қарамауы аса маңызды.

Референдум – халықтың пікірін білдіретін маңызды демократиялық құрал. Әрбір азамат өз дауысын беру арқылы елдің болашағына үлес қосады. Сондықтан мұндай сәтте қоғамның белсенділігі ерекше маңызға ие, – деді ол.

Жалпы, Отырар ауданында референдум учаскелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Аудан тұрғындары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын саналы түрде жасауда. Мұндай бастамалар қоғамдағы азаматтық жауапкершілікті арттырып, елдің тұрақты дамуына өз үлесін қосады.

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ МЕТАЛЛ ШЫҒАРУ ПЕШІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Admin

QS WUR ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГІНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 21 ЖОО КІРДІ

Admin

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨЗБЕК ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ — ШЫМҚАЛАДА

Admin