Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарМәдениетСаясат

АҚ КИМЕШЕКТІ АБЫЗ ӘЖЕЛЕР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауыл округінде орналасқан №488 референдум учаскесінде ақ кимешек киген абыз әжелер дауыс беруге келіп, өз таңдауларын жасады. Үлкен буын өкілдерінің бұл қадамы жастарға өнеге болып, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның жарқын үлгісін көрсетті.

Абыз әжелердің дауыс беру учаскесіне келуі тұрғындар тарапынан жылы қабылданып, учаскеде ерекше рухани атмосфера қалыптастырды. Ақ жаулықты аналардың ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысуы қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.

Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беретін ақ кимешекті әжелер мұндай маңызды кезеңдерде әр азаматтың өз таңдауын жасап, елдің болашағына үлес қосуы маңызды екенін атап өтті. Олардың референдумға қатысуы жастарға үлгі болып, азаматтық белсенділіктің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Жалпы, Балтакөл ауыл округіндегі референдум учаскесінде дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Тұрғындар саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда. Мұндай игі бастамалар қоғамдағы ынтымақты нығайтып, әр азаматтың ел тағдырына деген жауапкершілігін арттыра түседі.

Ұқсас жазбалар

IQanat Олимпиадасы: Түркістан облысынан 251 оқушы финалға өтті!

Admin

АГЕНТТІК ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Admin

ЕМАЛУШАЛР САНЫ АРТУДА

Admin