Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ҚоғамМәдениетСаясат

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Республикалық ақындар айтысының жүлдегері, отырарлық айтыскер ақын Дәурен Полатбаев республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Ақын дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық ұстанымын білдірді.

Өңірдің рухани өміріне белсенді атсалысып жүрген айтыскер ақын референдум – халықтың еркін білдіретін маңызды демократиялық тетік екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай саяси науқандарға қатысу әрбір азаматтың мемлекет тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетеді.

Референдум – қоғамдағы маңызды мәселелерді халық болып бірге талқылап, ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Мұндай үдерістер демократиялық мәдениетті нығайтып, азаматтардың мемлекет ісіне деген жауапкершілігін арттырады. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты пікірін білдіруі тиіс, – деді Дәурен Полатбаев.

Ақынның айтуынша, өнер адамдары әрдайым қоғам өмірімен тығыз байланысты. Айтыскерлер өз шығармалары арқылы елді бірлікке, ынтымаққа және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үндейді. Сондықтан референдумға қатысу – азаматтық сананың, елге деген сүйіспеншіліктің және халық тағдырына ортақтастықтың айқын көрінісі.

Қазіргі таңда Отырар ауданының тұрғындары республикалық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда. Айта кетейік, ауданда 40 референдум учаскесі жұмыс істейді. Жалпы 28 531 азамат дауыс беру құқығына ие.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ БАҒБАНДАР ЛИМОН ЖИНАУДА

Admin

Түркістан облысында «Тазалық күні» аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

Admin