Түркістан қаласындағы №102 референдум учаскесінде Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, белгілі сазгер әрі ғалым Бекжігіт Сердәлі республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Белгілі композитор ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.
– Бұл саяси науқанның ел болашағына тигізер маңызы зор. Мен де осы елдің патриоты ретінде азаматтық борышымды орындап, өз таңдауымды жасадым. Бұл еліміздің жаңа қадамдарға бастайтын маңызды кезеңі болады деп сенемін, – деді Бекжігіт Сердәлі.
Айта кетейік, 15 наурыз күні таңғы сағат 07:00-ден бастап Түркістан облысы аумағында 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Өңірде 1 187 257 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл облыс халқының 55,4 пайызын құрайды.
