Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН: ЕГІН ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылық саласы. Аталған саланы дамыту мақсатында аудан шаруалары көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қолға алып отыр. Ауданда екі-үш өнім алу жобасы бойынша егін егу жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда аудан аумағында 315 га жерге қырыққабат және 130 га жерге картоп егілді. Сонымен қатар, осы жылдың дәнді дақылдар өнімі үшін 30 мың га жерге күздік бидай себілді.
Биыл ауданда жалпы 70 мың гектарға жуық жерге егін егу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 42 мың 800 гектарына астық, 2200 гектарға майлы дақылдар, 4000 га жерге картоп, 10 мың гектардан аса көкөніс, 1200 га бақша және 9 мың га жерге мал азықтық дақылдар егілетін болады.

Ұқсас жазбалар

ANTIKOR.LIVE: БРИФИНГТЕ  ЖАҢА ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Admin

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫ МАМЫР АЙЫНДА БЕКІТІЛЕДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫН ЖЫЛЫНА 90-ҒА ЖУЫҚ КӨЛІК ТІРКЕМЕСІН ДАЙЫНДАЙДЫ

Admin