Түркістан қаласындағы №115 референдум учаскесіне домбырашылар арнайы келіп, дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Мәдениет саласының өкілдері ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Домбырашылардың референдумға келіп дауыс беруі тұрғындарға үлгі болып, қоғамдағы азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар бұл қадам референдумның маңызын насихаттап, ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтардың бірлігін көрсетті.
Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша республикалық референдумды өткізу үшін 65 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен және материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген.
Қазіргі уақытта қала тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр.
