Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ҚоғамСаясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ «АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНС» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ШӘРІПБЕК ЖАМАЛБЕКҰЛЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Республикалық референдум аясында Түркістан облыстық «Азаматтық Альянс» қауымдастығының президенті Шәріпбек Жамалбекұлы Түркістан қаласындағы 133 референдум учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Қоғам қайраткері референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, азаматтарды белсенді болуға шақырды.

Референдум – еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға. Сондықтан әрбір азамат мұндай жауапты кезеңде шет қалмай, өз таңдауын жасауы тиіс. Бұл – бірлігімізді көрсететін маңызды сәт, – деді ол.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша барлығы 947 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Өңірде жалпы 2 миллион 154 мыңнан астам тұрғын бар. Оның ішінде 1 187 257 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл облыс халқының 55,4 пайызын құрайды.

Қазіргі таңда өңірде дауыс беру процесі қалыпты жағдайда жалғасып, тұрғындар референдумға белсенді қатысуда.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДА «ХУБЭЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР 1 МЛН 640 МЫҢНАН АСТЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА «ӨМІРДІ СҮЙ» МӘДЕНИ-ӘДЕБИ КЕШІ ӨТТІ

Admin