Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі алғашқы түлектерін ұядан ұшырды. Биыл мектепті 56 оқушы сәтті аяқтады. Бітірушілер халықаралық IELTS, SAT емтихандары бойынша мүмкін болатын 9 ұпайдың кем дегенде 7.0, 7.5, 8.0 нәтижесін көрсеткен. Сондай-ақ отандық және шетелдік ең үздік жоғары оқу орындарынан, атап айтқанда Назарбаев Университеті, Coventry University, The University of British Columbia, Hong Kong Baptist University, Arizona State University сынды оқу орындарынан шақырту алған оқушылар бар.
Мектеп оқушыларының соңғы бітіру кеші Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өтті. Салтанатты жиынға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң ректоры Жанар Темірбекова, «Halyk bank» АҚ Түркістан облыстық филиалының басшысы Нұрбол Нұсқабеков, ата-аналар, ұстаздар мен түлектер қатысты. Түлектерге аттестат табыстау рәсімі мектеп тарихында тұңғыш рет өткізіліп, оқушылар музыкалық тарту ұйымдастырды. Сондай-ақ, әсерлі бейнероликтер көрсетіліп, естелік фотосессиялар жасалды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ БАЛУАНДАРЫ «ТҰРАН БАРЫСЫ» КУБОГЫНДА БАҚ СЫНАЙДЫ

Admin

ВЬЕТНАМДЫҚ ИНВЕСТОР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫМЕН ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУҒА НИЕТТІ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Admin