Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Түркістан халықаралық деңгейдегі қалаға айналып келе жатыр. Құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Қазақстан Президенті Қасым – Жомар Тоқаевтың тапсырмалары Түркістанды дамытуға тың серпін береді. Сондықтан қасиетті қаланы дамыту жұмыстары одан ары жандана түсетінін жеткізген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев еліміздегі ең көп жаңа нысандар салынып жатқан Түркістан облысының орталығында алдағы уақытта бірқатар жаңа нысан ел игіліне берілетінін айтты. Түркістан облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті елу төртінші сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осылай деп мәлімдеді.

Түркістан қаласында алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті елу төртінші сессиясы өтті. Сессияның жұмысын облыстық мәслихат депутаты У.Рахиев жүргізді. Сессия отырысына облыс әкімі Ө.Е.Шөкеев, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік органдар басшылары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне 2021-2023 жылдарға арналған облыс бюджетін бекіту, Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту, Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2020 жылғы қызметі жөніндегі есептері мен 2021 жылға арналған жұмыс жоспары секілді барлығы 19 мәселе қаралды. Аталған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша облыстық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың сессиясында өз өкілеттілігін аяқтаған бірқатар депутаттар арнайы марапаттарға ие болды.
ultainasy.

Ұқсас жазбалар

АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАҒА 3 ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЦЕХ ТӘУЛІГІНЕ 35 МЫҢ ДАНА ЖҰМЫРТҚА ҚОРАБЫН ӨНДІРЕДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДА ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ДА ӘЛЕУЕТІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Admin