Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарҚоғам

НЕСИЕ ПАЙДА ӘКЕЛЕТІН БИЗНЕСКЕ БЕРІЛУІ ҚАЖЕТ — МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ

Несиені, ең алдымен, пайда әкелетін бизнеске, яғни тиімді жобаларға беру керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте айтты.
«Инфляция өскен сайын халықтың нақты табысы құнсызданып жатыр. Жұрттың табысын әлеуметтік саланың шығысы есебінен арттырудың да шегі бар. Біз осы шекке жеткен сияқтымыз. Бұған қоса, тұтыну несиелерінің көлемі артып барады. Бұл әрекет – инфляция кезінде жан бағудың амалы. Бірақ мұндай ахуалдың әлеуметтік және саяси салдары өте ауыр болуы мүмкін. Тіпті, банктердің өзіне қауіп төндіруі ықтимал», деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, несиені, ең алдымен, пайда әкелетін бизнеске, яғни тиімді жобаларға беру керек. Сонда жалақысы жоғары жұмыс орындары пайда болады. Жұрттың кәсіпкерлікпен айналысуға ынтасы артады. Бір сөзбен айтсақ, азаматтардың табысын көбейтуге мүмкіндік туады.

Ұқсас жазбалар

ҚАЗЫҒҰРТТА РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АВТОШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Admin

Алдияр Байракимовтың фильмі «Киношок» кинофестиваліне қатысуда

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АРЫСТА ТЕМІРЖОЛШЫЛАР САЯБАҒЫНЫҢ ТҮНГІ ЖАРЫҚШАМДАРЫ ТОЛЫҚТАЙ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Admin