Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮЛКІБАСТЫҚ ТҰРҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТПЕН ЖЫЛЫЖАЙ САЛҒАН

Бүгінде жеке кәсіп ашамын деген азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көп. «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба» шеңберінде мемлекеттік грант алып, өңірлерде кәсібін бастағандар саны күн сайын артып келеді. Соның бірі түлкібастық Әмірхан Айтеков. Ол мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, жылыжайда құлпынай өсіруді қолға алған.
«Қазір кәсіптің көзін тапқандар ауылдық жерлерде өте көп. Мен де өз кәсібімді дамыту үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, құлпынай өсіріп жатырмын. Жылыжайда құлпынайдан бөлек, пияз, сарымсақ және түрлі аскөктерді де егеміз. Қазіргі таңда құлпынайларды әр екі ай сайын жинап алып, аудандағы дүкендерге өткіземіз»,- дейді кәсіпкер.

Ұқсас жазбалар

САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 120 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Admin

САРЫАҒАШТА РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Admin