Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ҚоғамСпорт

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТІП ЖАТЫР

Түлкібас ауданында «Балалар жылына» орай Түркістан облысының тоғызқұмалақ федерациясының кубогына арналған жарыс басталды. Тоғызқұмалақтың рапид түрінен жасөспірімдер арасындағы облыстың ашық турниріне көршілес Қырғыз елінің үш облысымен қатар, еліміздің 6 өңірінен және өңіріміздің 11 ауданынан 200-ден астам спортшы қатысуда.
Спорттық шараның ашылу салтанатында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев, Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт және Түркістан облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Нұрғали Мылтықбаев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Кемербастау ауылдық округіне қарасты Асанбай Асқаров мектебінде өтіп жатқан жарыс жалпы екі күнге созылады. Турнир нәтижиесімен үздік атанған спортшылар арнайы марапатталады.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРЛЫҚ ШАРУА 25 ГЕКТАР ҚАРҚЫНДЫ БАУДАН ӨНІМ АЛЫП ОТЫР

Admin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНЫП, 8 БІЛІМ ҰЯСЫ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Admin

ТҮРКІСТАНДА ТАҒЫ БІР ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Admin