Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Спорт

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА БАСКЕТБОЛ, ВОЛЕЙБОЛ, БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ МЕН «STREET WORKOUT» АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шу елді мекенінде тұрғындардың сұранысымен «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорнының» демеушілігімен баскетбол, волейбол алаңшасы мен «Street workout» және балалар ойын алаңшасы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Ауданның 95 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған спорт нысанының ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков және ауыл қариясы, еңбек ардагері Дастан Бейсенбі арнайы қатысып, игі іске арқау болған барша азаматтарға алғыстарын жеткізіп, нысанның ашылуымен баршаны құттықтады.
Нысанның жалпы ауданы 900 шаршы метрді құрайды. Жаңа нысан осыдан 3 ай бұрын ауыл тұрғындарының сұранысымен басталып, бүгінде ел игілігіне берілді.
Айта кетейік, өткен жылы ауданға қарасты бірқатар елді мекендерде үлкен футбол алаңы мен балаларға арналған футбол алаңшалары салынды. Оған қоса «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысы жалғасуда.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АЛАҢ ОЙЫНДАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Admin

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Ұлы Дала Ойындары» ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтті

Admin

ТҮРКІСТАНДЫҚ КОМАНДА ФУТБОЛДАН 3-ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Admin