Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарСпорт

Германияда Қазақстан спортшысы бір күнде екі алтын медаль жеңіп алды

Германияда Қазақстан спортшысы бір күнде екі алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 500 метр қашықтықта топ жарған спортшы 1500 метрлік бәсекеде де жеңіске жетті.

Шумекова 1:56.06 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Бұл — қазақстандық спортшының жаңа жеке рекорды.

Күміс жүлдені 1:56.36 уақыт нәтижесімен Аустрия өкілі Джанин Роснер иеленсе, жапониялық Аяно Сэкигучи 1:57.97 уақыт көрсеткішімен үшінші орынға тұрақтады.

Анастасия Беловодова 13-нәтиже көрсетті, Алина Шумекова 28-орын алса, Варвара Глухова 32-сатыға жайғасты.

Айта кетейік, бұған дейін Шумекова әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта жеке рекордын жаңартып, жеңіске жеткен еді.

Дереккөз: Zakon.kz.

Ұқсас жазбалар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Admin

ШЫМКЕНТ: ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Admin

МИНИСТР ВСТРЕТИЛСЯ С ЖУРНАЛИСТАМИ ТУРКЕСТАНА

Admin