Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

МАҚТААРАЛДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕМЛЕКЕТТІК ТУҒА ҚАРАЙ САП ТҮЗЕДІ

4 маусым — Рәміздер күніне орай еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтіп, Мемлекеттік гимніміз шырқалды. Аталған шараға Мақтаарал ауданының мемлекеттік қызметшілері де белсене атсалысып, Мемлекеттік туға қарай сап түзеді, деп хабарлайды elordafocus.kz.
Іс-шара барысында аудан әкімі Бақыт Асанов аудан жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін арнады. Санамызға тәуелсіздік идеясын орнықтырып, патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда ерекше мәнге ие Мемлекеттік рәміздеріміздерге құрметпен қарау — патриотизмнің асқан белгісі екенін аудан басшысы атап өтті.
«Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап еліміз өз алдына тәуелсіз мемлекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, елдің тарихы мен құндылығын әлемге танытар Елтаңбамызбен және елдің рухын көтеретін Мемлекеттік Гимнімізбен айбынды ел бола білдік» — деді Бақыт Насырханұлы.
Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен салтанатты шарада мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар Әнұранымызды шырқап, бір-бірлерін мерекемен құттықтасты. Аудан өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, алғашқы Тәуелсіздіктің таңы атқан жылдары еліміздің еркіндігін айшықтап, мерейімізді өсіретін мемлекеттік рәміздеріміз қабылданғанына 31 жыл толып отыр.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН САЙЛАУШЫЛАРДЫ ҚАРСЫ АЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАР 120 ТОННА ҚЫРЫҚҚАБАТТЫ АРТЫП ҮЛГЕРДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Admin