Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

МЕНІҢ ТУЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ

Отырар аудандық мәдениет сарайында 4-маусым – Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесі аталып өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлім мен мекеме басшылары, ардагерлер, аудан тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты шарада мемлекеттік Әнұран орындалып, көпшілік ерекше тебіреніспен қосыла шырқады. Жиында аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов аудан тұрғындарын қастерлі мерекемен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына өздерінің үлесін қосып жүрген азаматтарды «Алғыс хаттармен» марапаттады.
— Мемлекеттік рәміздер — бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамайтын атрибуттарының бірі. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құндылықтарымыз- деді аудан әкімі өзінің құттықтау сөзінде.
Мемлекеттік Рәміздерді насихаттауға байланысты аудан көлемінде мерекелік шаралар сурет көрмелері мен конференцияларға жалғасын табуда.
«4 маусым –Мемлекеттік Рәміздер күні» мерекелік шарасы одан әрі концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздарының әуелете шырқаған патриоттық әндері көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНА ИНВЕСТОРЛАР 180 МЛН. ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ САЛАДЫ

Admin

ТУРКЕСТАН: ПРОШЛА АКЦИЯ «АЙБЫНДЫ ЖАСТАР — ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ»

Admin

Рәміздер – мемлекеттің төлқұжаты

Admin